file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  204


Автор: Рафаэль Ниязбек

* * *

Көз алдымнан мына бір жай кетпейді,
Аласаның көкке қолы жетпейді.
Тұлпар аттың алдын орап
Неліктен
Тұғыр кесіп өтпейді.
Айтпа, досым,
тілді безеп ондайды,
Шуақ күнмен көлеңке тең болмайды.
 Қыран құстың тұғырына,
Неліктен
Қара қарға қонбайды.
Бар жақсылық жамандық боп жүрмейді,
Туырлықты жаулар болып түрмейді.
Даналардың аяқ шешкен жеріне,
Ақымақтар басын сұғып кірмейді.
Сұңқар текке жыртқыш аңын бүрмейді,
Шешен келсе даукес тілін күрмейді.
Ақындар да сол секілді екен-ау,
Бірі салған ізбен бірі жүрмейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу