Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.03.2022
220

ҚАРТТАР
Бермесем де кей ісін көп түсіне,
Қайран қарттың сүйсінем епті ісіне.
Оған салсаң мына бір Марсыңды,
Салып әбден үйренген тепкісіне.
Оралғандай тым алыс жолдан олжа ап,
Көкірегі сырларға толған ғажап.
Бұл қарттардың бетіне келу қиын,
Құдайды да алды олар қолдан жасап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter