Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.03.2022
215
ЖЕЗ КИІК
Қос ішек мекені ме ез күйіктің,
Қайғысын жеткізіп тұр жез киіктің.
Кім білген сырын мұның қақсаң қайғы,
Он саусақ оқ тигендей ақсаңдайды.
Күй кетті аспан астын жаңбырлатып,
Жасымды жатыр лепті таң құрғатып.
Шапқанда кірлі беті сүртілмепті,
Мергеннің кірпігінде шаң тұр қатып.
Көргенде бұзау өрім қамшы басын,
Қалайша пәк жүректі жан шыдасын.
Киікке пана болған бәйтерек те,
Білдірмей сығып алды тамшы жасын.
Дүние сол кез маған ұқсап қалып,
Аңшыдан үзді сонау тұзақты алып.
Кенеттен оқ атылып, тас дір етті,
Тау тұрды кететіндей ұсақталып.
Беткейді өрлей қашып киік кетті,
Лағын да торға тастап күйікті етті.
Көзінен ыршып түскен ыстық жасқа,
Жанымның жапырағы күйіп кетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter