file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  277


Автор: Рафаэль Ниязбек

БӘЙГЕ

Жыңғылды жырасынан қарғып аттар,
Көсіліп жатыр сонау жар құмақтар.
Төсінде шаң тозаңды будақтатып,
Келеді арындаған арғымақтар.
Алдағы озған атпен қақтығысып,
Кей біреу төтелейді қатты қызып.
Бауыры жазылғанда жүйріктердің,
Жұмыр жер артқа қарай жатты ығысып.
Астында ат ойнаса жұмарланып,
Көңілің көтерілер құмар қанып.
Бәйгеден келмеген соң қосқан аты,
Намыстан өлер біреу тым арланып.
Әй, жігіт, жетер енді тыраштанба,
Кең сілтеп әуреленбе құлашты алға.
Бәрінен жеке кетті сыдырылып,
Осынау құла қасқа қыр асқанда.


Қайқайып барады асып еңістікке,
Ол барда озамын деп жеңіс күтпе.
Не жетсін шын жүйрікті ел алдында
Осылай саралаған кеңістікке.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу