Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  162


Автор: Рафаэль Ниязбек

* * *

Өнерді біз тауға теңеп балаймыз,
Артта қалды талай асу, талай құз.
Төмендерге төбесінен көз тастап,
Биіктерге қол астынан қараймыз.
Әзірге осы асу менде, төр менде.
Боп жүргем жоқ өзгелердей шерменде.
Жеткен жерге демалғым кеп тұрады,
Менен төмен біреулерді көргенде.
Тұнық біткен төгіледі шайқасаң,
Шындық үшін әлі талай айқасам.
Өзімді өзім менсінбей де қаламын,
Менен биік кеткендерді байқасам.
Көкіректе шабыт жатса киіп кеп,
Тұратындай төбем көкке тиіп тек.
Бұл өмірде бір білгенім бар шығар,
Бірде төмен... бірде кетсем биіктеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу