Өлеңдер ✍️

ҚАРА ШЕҢГЕЛ
…Ойық пен Тілік түгелдей орыстың боқ
көттерін тілімізбен жалаймыз деп ант қағазға
мөрін басып, қолын қойғаны өтірік пе?!
Б.Әбілдаұлы. “Бөлтірік би”, 12 бет
Ғайбат сөзін әлгінің ұран деме,
Ар-намысың қозбады бұған неге?
Сен емес пе таратқан бұл кітапты,
Секілденіп ақ құйрық бұлаң кеме.
Жақсы адамдар жақсыны жағалаған,
Қарға ғана қарғаны сағалаған.
Елден қаржы жинадың сол шіркінге,
Ойық, Тілік бабаңды қаралаған.
Сол шіркінді мәртебе, биік көріп,
Жарылқадың қаржы елден жиып беріп.
Неге ендеше сен маған соқтығасың,
Өз-өзіңнен бықсыған күйікке еніп.
Қаралама кісіні,
Қараулықтың
Қара бөркін басыңа киіп келіп.
Басынбағын ақын деп көзден қалған,
Ақын, сірә, емеспін сөзден қалған.
Ертең сені қоқысқа лақтырмасын,
Қараулықтың бәріне төзген жалған.
Оңай көріп даланың мұзбалағын,
Тие берме жүйкеме – сызданамын.
Қолын кеспей тына ма?
Қылпып тұрған
Жүзіменен ойнаған ұстараның.
Ұстарамен ойнаған қолын кескен,
Бықсығанның бәрі де қорымда өшкен.
Шауып тастап кетпендей кете барам,
Қара шеңгел сен болсаң жолымда өскен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇