Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.03.2022
205

ҚАРА ТОБЫР
Күдерімді, білмедім, неге үзбедім?
Көңілдері шалқыған теңіз дедім.
Қара тобыр ішінен,
Түсінбеймін,
Шырылдаған шындықты неге іздедім?
Қара тобыр бүгінде не біледі?
Өгіздейін арбаға жегіледі.
Емхананы жемхана еткен сұмдар,
Тойынғаннан құтырып секіреді.
Бірақ бұлар сұмдыққа шебер еді,
Жайсаңдарды кейінге шегереді.
Қара тобыр болмаса көп шуылдақ,
Сол сұмдардың соңынан неге ереді?!
Қалай жетсін ендеше ұшпағына,
Сана қуған жұрт түгел тұста мына.
Жағы сембей,
Азаннан шуылдаған,
Қара тобыр орманның құстары ма?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇