file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  230


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҰМЫТПА САЙТАН БОЛСАҢ ДА

Арамдыққа аяқ баспаған,
Қиындық көрсе саспаған.
Алаштан асып туса да,
Басынан пенде аспаған.
Тығылып жұртқа, тасаға,
Шындықтан жігіт қаша ма?
Жазсаң да емдеп сырқатын,
Кісіге қастық жасама.
Арналы өзен бойында,
Өсіп ек,
Не бар ойыңда?
Керіп сап ақын ағаңды,
Қолыңнан келсе сойылда.
Айдыныңды айдан асырып,
Күркіреп өлең оқып ем,
Торқалы торғын тойыңда.
Жақсылыққа – жамандық,
Жасағаның қалай?
Мойында.
Көздері жанып шоқтанған,
Құзғындар қанша топтанған.
Жерлестерімнің ішінен
Бір мылтық сенсің оқталған.
Жауығып лезде үлгерген,
Сендейді бұрын кім көрген?
 Атпақ боп таудың арқарын,
Аңдыған сенсің сұр мерген.
Білемін сені бұрыннан,
Бетің жоқ бері бұрылған.
Жолыма –
Арсыз тірлікте
Бір тұзақ сенсің құрылған.
Дау болсаң қатер төндірген,
Өртіңді жұртым сөндірген.
Ұмытпа сайтан болсаң да,
Жұмыртқадан жібек өндірген.
Қолынан өлген кісінің,
Қай сұм да кісі өлтірген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу