file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  170


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚИҒА ТОЛҒАН ҚАРА ҚАП

Кең даланың толтырған күрең белін,
Ауыртпалығыңды қаншама білем сенің.
Президент болдым деп бес кісіге,
Бұтқа толып, бауырым, шіренбегін.
Жолы түсіп көрмеген еш қулыққа,
Қай жерің бар ұқсайтын есті ұлыққа.
Қара майдай жылтырап көзді алдайсың,
Аттанатын секілді кешкі ұрлыққа.
Зар болғасын ата жұрт есті ұлыққа,
Араласқан бір сұмсың кешкі ұрлыққа.
Түкірдім бе –
Бес кісі тұрмақ, інім,
Президент болсаң да бес құрлыққа.
 Басыңды алып қашқасын жаман аттай,
Қай бұлақ та тартылған саған ақпай.
Қора ішінде қап қойған
Көрінесің
Қара қиға толтырған қара қаптай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу