Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.03.2022
170
БІЗДІҢ ЕЛДЕ ӨЗІҢДЕЙ СҰМ ЖОҚ ЕДІ
Кеме салған айдынға желкенді елде,
Жұмыр басты пендеміз сен де, мен де.
Сергелдеңге саласың неге мені,
Азып-тозған жұрт аз ба сергелдеңде.
Алда-жалда ұстасып егескенде,
Сен жеңіске жетесің белес-белде.
Менің туым қашанда желбірейді,
Ақиқаттың алдымнан желі ескенде.
Сыбаға боп тартылған сыйлы күнде,
Сенің күшің –
Байлығың, билігіңде.
Менің күшім –
Маңдайын желге берген
Өлең-жырдың тұлпары, жүйрігінде.
Биік құзбен құзарын теңестірген,
Сөйлегенде үндері өр естілген, –
Өзге өңірдің өзіңдей азаматы
Айдарынан ақынның жел естірген.
Сырғақтаған сайқалды сайтан көрген,
Боздақтары соғысып майданда өлген.
Біздің елде өзіңдей сұм жоқ еді,
Сұмырайсың сықсиып қайдан келген?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter