file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  194


Автор: Рафаэль Ниязбек

КЕК ҚАЙТАРМАЙ ТЫНБАЙМЫН


Айналып бір күн молаға,
Жатарсың денең жылымай.
Жалғанда жарық бола ма,
Жалғаннан көзің құрымай.
Байлығың, мүлкің тоналмай –
Алты Алаш – арың тоналған.
Костюмің сенің жоғалмай –
Қасиетің неге жоғалған?
Сусыған бейне құмдайсың,
Қолға да сусып тұрмаған.
Кісіліктен де жұрдайсың,
Намысың қайда тулаған?
Ата қазақ пайда болғалы
Алаяқты сендей тумаған.
Бұрқыраған ыстық демі өрге,
Арлы ақын болсам ай маңдай, –
Әйгілеп жырмен сені елге
Абыройыңды төгем айрандай.
Шомылдырып бұршақ, жаңбырға
Мені өмір шымыр шыңдаған.
Өгей шеше – тағдырға
Кектеніп туған ақынмын
Қайтармай кегін тынбаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу