file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  188


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕСАЛЫ, СЕН ҚАЙДАСЫҢ?

Есалы!
Мен қайдамын,
Сен қайдасың?
Мен – жерде,
Көкте жүзген сен – айдасың.
Айналып найзағайға кете бардың
Жыр етіп айтпақ болып елге айқасын.
Есалы!
Таппай жүрмін.
Сен қайдасың?!
 Бәрі бар,
Өзің жоқсың ел ішінде,
Жетілген жәдігер ең ер үстінде.
Үйіне барам кейде Байғараның
Түйнектей әзер піскен желісінде.
Көктем ең көктен де ескен,
Жерден де ескен
Көңілім құлазыса елден көшкен.
Күндерді сағынамын тебісетін
Тел құлын секілденіп тентек өскен.
Жан бар ма өзің жоқта егілмеген,
Сыбағаң қалды артыңда желінбеген.
Бір сұлу сені, Есалы, кетті ме алып,
Көзіне жұрттың түсіп көрінбеген.
Жаймалап жерің қалды тегістеген,
Өсірген гүлің қалды жел үзбеген.
Қоңырау шылдыраса
Жүгіремін
Есалы шығар деп те мені іздеген.
Есалы!
Мен қайдамын,
Сен қайдасың?
Мен – жерде,
Көкте жүзген сен – айдасың.
Көгіңнен түсіп жерге келші еліңе,
Сақталған сыбағаңды жеп қайтасың.
Есалы!
Таппай жүрмін.
Сен қайдасың?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу