file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  155


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАЙ ЖАҚҚА ТАРТСА ДА...

– Жанарында жұмыр жер,
дала көшіп,
Ғұмырында көрмесін нала кешіп.
 Бізге тартып туған, – деп, жиеніміз, –
Көкшетаудан желпінген самал есіп.
Жанарына жарқылдап жұлдыз тұнған,
Жоқтан өзге нәрсеге кім қызынған.
Тартқан бала жаман ба нағашыға,
Жақсы ағаштан жақсы үй тұрғызылған.
– Жұртпыз, – деп те, – қыр асып,
қыр жайлаған, –
Алатау жақ бір жақтан шаужайлаған, –
Көрмейсің бе бұл бала
өзіміздің
ақша бұлттан көктегі аумай қалған...
Көк ала бұлт көгінен жиі көшіп,
Көңіліңді бұзбасын құйын есіп.
Қай тұқым да құнарлы жерге егілген,
Дән жинаған басына биік өсіп.
Ақмарал мен ақ бөкен,
Сайғақтың да,
Жортқан ізі жатпай ма сайрап құмда.
Қай жаққа да тартса да тірі болсын,
Ұлылары көп болған қай жақтың да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу