Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  214


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚОРЫҚПАЙЫН МЕН НЕГЕ?

Сайқал қыздың үніндей сыңғырлаған,
Жарық жалған төбеден кімді ұрмаған?
Өкіметтің ақылы кірер емес,
Тілі жаңа шыққандай былдырлаған.
Құлын даусым жаңғыртып сардаланы,
Күнім бар ма шырқырап шыңғырмаған.
Кір шалмаған көңілім – терезе еді,
Тереземді кім менің сындырмаған.
Тереземді сындырып, талқандаған
Ожар қанша осқырып тарпаңдаған?
Құзырлыға жағынып,
Кесек атқан
Қарттар қанша бастары қалтаңдаған?
Сұм заманда күштілер зорлық қылған,
Жыртқыш қанша жолдарда жолықтырған?
Сынық терезе секілді содан көңіл
Саңлауынан ызғырық соғып тұрған.
Соққан сайын ызғырық дүлейленіп,
Солдым қанша көктемдей түлей беріп.
Қорықпайын мен неге?
 Жайғасқасын
Көңілімнің төріне үрей келіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу