file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  226


Автор: Рафаэль Ниязбек

АЛА ҚАНШЫҚ

Ажал сенің қарай ма ақындығыңа,
Елден асқан ер жүрек батырлығыңа.
Қолы құрғыр қалт етпей тура көздейді,
Келгендердің бәрін де жақын қырына.
Бозторғайдың жүрсе де шырылы батып,
Тынар емес бәрібір бұғынып атып.
Сұм ажалды көздеген мен де бір бейбақ
Өз үйінде бүк түсіп тығылып жатып.
Көкірегім ашылып таза ауа жұтпай
Күрсінсе де,
Күндіз-түн далаға шықпай.
Аш қатырып құртсам деп көп
армандаймын,
Қыңсылатып ажалды ала қаншықтай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу