file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  247


Автор: Рафаэль Ниязбек

АШЫНҒАН ЖІГІТТІҢ МҰҢЫ

Үмітімнің жақсам да сөнген отын,
Күні бар ма тұрмыстың жөнделетін.
Қатын көкбет, ұл жалқау...
Өлсем деймін,
Тіршілікте қызық жоқ мен көретін.
Мұратыма жүрсем де жеткім келіп,
Өмір күле қоймады бетін беріп.
Мүмкін қалған шығармын өз үйіме,
Қажеті жоқ бір бұйым секілденіп.
Жаным қалай бұрысты жөн көреді,
Өр кеуделі қашанда өрде өледі.
Өртейді ылғи бір күйік...
Зауал туса,
Ойға шомған орман да өртенеді.
Жауға шабар күш қайда жарақтанып?
Мүмкін өлем қасқырға тамақталып.
Тулақтайын ит тартқан
Дал-дұл болған
Бір жапырақ жүрегім шабақталып.
Белім сұрақ белгі боп бүгілгенде,
Тағдырымды кім шешсін жүгінгенде?
Өлгім менің келеді таудан құлап,
Мына сұрқай өмірден түңілгенде.
Би жетілген кезеңде, күй жетілген,
Сүмелекке ұқсаймын сүйретілген.
 Арыстанда айбар, сұс болсын қайдан,
Ойын-сауық,
күлкі үшін үйретілген.
Үйімде еркін көрмедім бір тыныстап,
Ыза-кектен найзамды жүрмін ұштап.
Күң болатын қатынды пір етіп ем,
Қорлап мені келеді құл ғып ұстап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу