file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  220


Автор: Рафаэль Ниязбек

БОЗДАҚТАРДЫҢ БОДАУЫНА КЕЛГЕНДЕР


Жапырағынан ажырап мың тоналған,
Тірі куә бәріне мына жалған.
Соғысқандар жат жерде ажал құшып,
Соғыспаған майданнан тірі оралған.
Жаманды алып, жақсыны қалдырса егер,
Атанар ма опасыз мына жалған.
Дүниенің тұрғанда сәні кірмей,
Сөйледі деп жазғырма әлін білмей.
Бәрі бірдей ұрысқа кірген жоқ-ты,
Аттанса да майданға бәрі бірдей.
Өскен ағаш секілді жеміс бермей,
Ақсақ қойдай маңырап өріске ермей.
Соғыс көрген майдангер атанса да,
Тірі оралған жан қанша неміс көрмей.
Қызын – қымыз,
Жайлауын – сайран көрген
Қайран жұртым қайралып қайраңда өнген.
Тірі оралған солдаттар
 Боздақтардың
Бодауына келгендер майданда өлген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу