Ертегілер ✍️
Ертегілер ✍️
11.03.2022
3272
Төрт түлік малдың кеңесі
Қой, сиыр, жылқы, түйе төртеуі бір күні жайылып жүріп, кеңеседі."Қайсымыз қандай жерге? Қандай кісіге бітсек, жақсы болар еді?"-деген сөзді айтысады-мыс.
Сонда сиыр айтыпты:"Қалың қорық-нуға бітем, қоры үзілген қуға бітем"
Қой:"Күнгейлі қаратасқа бітем, жүн жеп, жабағы тышқан насқа бітем"
Жылқы:"Бетегелі белге бітем, найза ұстаған ерге бітем"
Түйе: "Жалмаң құлақты сорға бітем, ел ішіндегі зорға бітем" депті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter