file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  257


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҚЫН МЕН ДЕПУТАТ

Марқұм Свет Оразаевтың рухына
Күміс сәуле шашырап күлкісінде,
Кімдер жолға шықпаған тірісінде.
Жолаушының барлығын тиеп алып,
Пойыз зулап келеді түн ішінде.
Тірлік қамын жасынан ерте біліп,
Көшін түзу бастаған ер бекініп.
Жолаушылар ұйқыға кеткен еді,
Көк пойыздың үстінде тербетіліп.
Кісіліктің кім жеткен бағасына,
Қарамайтын жан аз ба шамасына.
Екі жігіт араққа тойып алып,
Бір-бірінің жармасқан жағасына.
 – Ақынмын! – деп бірі оның күркіреді,
Көңілінен ызалы жыр түледі.
– Депутатпын! – деп бірі сілкінгенде
Тау басынан тас құлап дүркіреді.
Жанарында жарқылдап нұры жанып,
Қарсыластың тұрғанда қыбы қанып.
Ақын кенет лақтырған сыртқа қарай
Депутаттық белгісін жұлып алып:
– Жасап жатқан заманда құлдан құдай,
Өрге баспай тірлігің тұр маңдымай.
Төске таққан беделді белгің жоқта,
Сен депутат емессің бұдан былай.
Кісі болсаң шындыққа жүгінетін,
Кезің келді алдымда жүгіретін.
Ей, депутат, ақындық жүрегімді,
Көр лақтырып жетсе егер құдіретің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу