file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  238


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТӨЛЕГЕНГЕ

Өрі өлеңге айналған, төрі өлеңге,
Жыр арнамай бола ма Төлегенге.
Төлеген деп атыңды қойған шығар,
Өмір сыйлап жүрсін деп өрелі елге.
Жаулап сенің жол тапқан жүрегіңе,
Жолыққан да шығарсың Жібегіңе.
Атың жақсы, затың да жақсы болғай,
Туған елдің айналған тірегіне.
Арсыз тірлік,
Көңілдің хошы алаңда,
Кейде жаулық жасайды дос адам да.
Ту сыртыңнан өзіңді торып жүрген
Бекежандар жоқ деме Қособада.
Елдің белі салмақтан қайысқалы,
Тұрған жоқ па көгіңнен ай ұшқалы.
Бекежандық заманмен
Кім болғаны
Төлегендер шықпаса сайысқа әлі.
Өрені боп тусаң да өрелі елдің,
Халқың үшін ұлтанға шегелендің.
Ақ желкені, бауырым, сен деп білем,
Айдындарға жол тартқан кемелердің.
 Бірі деп те жетілген жебелі ердің,
Жыр болмаса өзіңді жебеген кім?
Емін-еркін күн кешем деп ойлама,
Бекежаны бар болса Төлегеннің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу