file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  223


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҒАЛИЯҒА

 Тауда өскен қайсар шынарсың,
Көгінен бұлттар көшетін.
Ақ қайың мүмкін шығарсың
Орманда жалғыз өсетін.
Желбіреп туың алаңда,
Көзіңнен жарқын күн күлген.
Жігіттер азған заманда
Қасиетіңді сенің кім білген.
Атадан қалған із едің,
Жүгірген күнде жыр құрап.
Ауылдан келген қыз едің
Жусанның иісі бұрқырап.
Булықпай қалай тынарсың,
Жұлдызың бар ма жанбаған.
Мүмкін сен бақыт шығарсың
Қонатын шыңын таңдаған.
Жұлдыздан шырақ жағарсың,
Бетіңді нұрға жуғанда.
 Теңіңді бір күн табарсың
Жүрегің тулап тұрғанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу