file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  149


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАЗЫҒЫНА ЕЛУДІҢ АТ БАЙЛАҒАН


Алғағали Қартабаевқа
Жұтып өскен ауасын таза бақтың,
Құлыны едің қаз мойын қазанаттың.
Тұнып тұрған қазына алтын басы
Арқар кеуде өзіңдей азаматтың.
Жыр арнасам өзіңдей бауырыма,
Қол соқпай ма қазақтың тауы мына.
 Қайта оралғың кеп тұрма Алға батыр
Жиырма бестің думанды ауылына.
Тайға, сірә, ер салмай бала мінген,
Қыран жігіт сен едің дара жүрген.
Ердің бәрі баянды бақ қуады,
Елу жастың бағына жаңа кірген.
Қапталыңда жүгіріп жүрген арай,
Көктем болып көзіңде күлген талай.
Елу деген ер асқан елу белес
Керуені жол тартқан күнге қарай.
Тірлігімнің қамшысын өктем өріп,
Жүрмін сені көгілдір көктем көріп.
Жар басында қалайын жалғыз неге
Өткелдерің тұрғанда өткел беріп.
Сөйлей білген күркіреп ер пішінде,
Ақтангердің бірісің ел ішінде.
Кісі болған пендені көргенім жоқ,
Кісінемей құлыны желісінде.
Жүрегінен жаралған жасын елдің,
Мүмкін бірі шығарсың асыл ердің.
Елу жастың арасы бал жинаған
Гүлдеріне көп қонып жасыл белдің.
Тобыр көп те жүйрікті қақпайлаған,
Сендей жігіт бәйгені шаппай да алған.
Қазылыққа жараған қай кезде де,
Қазығына елудің ат байлаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу