file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  174


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҚЫН ДОСЫМ ЕСЕНБАЙҒА

Үйіріліп тұрғанда бақ төбеңе,
Сәлем беріп келдің бе Ақтөбеге.
Үш бөлмелі сәулетті үй бергені –
Мінгізгені емес пе ақ кемеге.
Ақтөбеге ендеше өкпелеме,
Жарық жалған қызығын көп көре ме.
Туған қалаң айналып тұғырыңа
Көтермесін туыңды көкке неге?!
 Көкірегіңнен тұрғанда бұлақ ағып,
Арамызға кім жүрсін сына қағып.
Жас күніңде қала еді сыйдырмаған
Түскен талай соңыңа шырақ алып.
Не істейсің зауалға көнбегенде,
Су бермеген қала еді шөлдегенде.
Жүгірмес ед құшағын саған ашып,
Құз кеуделі биіктен көрмегенде.
Жанарыңда жарқылдап күн күлгелі,
Жүрегіңнің бар шығар бір білгені.
Жас күніңде сыйдырмай қуса сені,
Азулы ақын көреді бұл күндері.
Ойың содан он саққа бөлінеді,
Тереңіңді тулатып өріледі.
Ұлы кісі болғанда мойындаған
Ақтөбе ана секілді көрінеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу