file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  162


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҮЛКЕН ҮЙ

Әні күнге жол тартқан, күйі күнге,
Нұр шашпаған қазақтың үйі кімге?
Үлкен үйдің бірісің құт дарыған
Көтерілген Жетпістің биігіне.
Үлкен үйдің бірісің бақ дарыған,
Ақ түйенің қарыны ақтарылған.
 Көкке ұмтылған мәуелі тал-Дарақсың
Жұмыр жердің жетіқат қатпарынан.
Ескен сайын қоңыр жел қырдан шалқып,
Келе жатсың биікке, шыңға тартып.
– Нағыз қазақ кім? – десе,
Сен дер едім
Жусан исі үстінен тұрған аңқып.
Тектілігін тектінің кім білмеген,
Сен емессің шаң қонса сілкінбеген.
– Нағыз қазақ кім? – десе,
Сен дер едім
Көкірегімде күй болып күмбірлеген.
Бауыр болып жаралдың –
жоқ арманың,
Қайта тапқан жандаймыз жоғалғанын.
Ұлың – жұлдыз болғанда,
Қызың – құндыз,
Қысы-жазы көктеген көк орманың.
Көңіліңе жүгірсе сәуле шашып,
Жастығыңа қайыра оралғаның.
Бірге гүлдеп жайнаған көгерсе елі,
Ұрпағымен қашанда ер еңселі.
Жетпіс деген – жеті асқар,
Ендеше мен
Биіктердің бәрінен көрем сені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу