file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  190


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАЗАҚ КӨРСЕМ...

Бөрі алатын көк жойқын сырттан көріп,
Құттан түгел айрылдық құтпанға еріп.
Өз ұлдары елімді бір тонаса,
Тонап жатқан жұрт қанша сырттан келіп.
Көк түйнектей үзілген сабағынан,
Жер жастанған ұша алмай бала қыран.
Өз жерінде жүрсе де қара көздің
Жас кетпеді-ау, қайтейін, жанарынан.
Ала-бөтен бұл жұртты жетім көріп,
Өмір әлде күлмей ме бетін беріп.
Ата қазақ қашанғы күн кешеді,
Өгей бала кәдімгі секілденіп.
Халық дей ме, жұрт дей ме жөн білмеген,
Өкімет те көзіне жөнді ілмеген, –
Қазақ көрсем жаутаңдап қарай берем,
Жанарында жас бардай мөлтілдеген.
Биіктен де шыңғырып құлаған мың,
Бақытына айналып тірі адамның, –
Арман бар ма жалғанда
Жазған жырым
Жасын сүртіп жүгірсе жылағанның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу