file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  225


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚОРҚАМЫН КЕЙДЕ...

Қоғамда ұят жетілмей
Ұлассын қалай жырға әні.
Өз жұрты өгей жетімдей
Қаласа шалар құрбаны.
Алаңсыз жүрген бекінбей
Асыл ер болып құрбаны, –
Сұр дала бетпақ бетіндей
Бедірейіп қарап тұрғаны.
Келеді жұртым күн кешіп,
Жүргендей желдің өтінде.
Өтірікке шындық мінгесіп,
Өткелден өтсе өкінбе.
Тыныштық бар ма қазаққа,
Тұрса егер қоғам дүлейден.
Жетсе де қолы азатқа,
Арыла алмай келем үрейден.
Жетілген жарық күн көрмей,
Жоқ деме жықпыл, шатқалы.
Қорқамын кейде
Жүргендей
Бір мылтық мені атқалы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу