Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.03.2022
220

АҚЫНДАРҒА ӘКІМДЕР ЖАҚЫНДАМАЙ
Жамандықтың бәрімен туыспаған,
Арлы ақынды тоқтатып кім ұстаған.
Ақын – елдің иманы, ар-намысы
Жүрегінде халықтың тыныстаған.
Жағаласқан жақынмен, туыспен де
Әкімдер көп бақа бас, қуыс кеуде.
Түсінбеймін,
Неге олар жұрт тонайды,
Халықты ойлап ақындар у ішкенде?!
Көз алдымнан көшкенде сағым талай,
Әкім қанша жіберген қабылдамай.
Өлең – сөздің патшасы Абай болса,
Қанша әкімнің алдында шағылды Абай?!
Ақындарға әкімдер жақындамай,
Болашаққа ұмтылсын батыл қалай?
Қабылдамай жүргенін біле ме олар
Ақынды емес, ел рухын қабылдамай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇