file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  158


Автор: Рафаэль Ниязбек

САУАЛҒА – ЖАУАП

Кім жетіскен мес қарын бақырға еріп,
Алшаң басып қасыма жақын келіп:
– Сауалыма жауап бер, – деп шіренді, –
Жүрген жоқ па жұрт сені ақын көріп.
Шыбық мініп жетілген жетім неме,
Жел көтерген түңліктей желпілдеме.
Өрт сөндіріп жүрмісің,
Батар күндей
Нарттай жанып қызарған бетің неге?
– Қара түнді аққанда жұлдыз жарып,
Ой кешемін сарылып,
Күндіз арып.
Адам қолы жасаған сұмдықтардан
Ұялғаннан бұл бетім жүр қызарып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу