Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.03.2022
208

АЛЫС ПЕН ЖАҚЫН
Ағайынға айтатын тілегім көп,
Солар бар деп жанығам түлегім кеп.
Араздасқан көргенде ағайынды
Ине жұтқан сұр иттей жүдедім кеп.
Достан гөрі, әрине, туыс жақын
Соға білсе кеудеңде жүрегің боп.
Ағайынмен араз боп алыспаған,
Сау болғай деп іргеңнен дауыстаған.
Көршім жақын –
Ет жақын туысымнан
Жағалауы біртіндеп алыстаған.
Жақын жерден бас салар бірден тегі,
Ұрыс-керіс,
Дау-жанжал жүрген жері.
Көршің жаман болмасын бәрінен де,
Жаман болса,
Жауың сол іргеңдегі.
Кеңістігін,
Өңірін сағым жапқан,
Кезеңде бұл жүйрік күн ағындатқан.
Бір жылан көз іргемде бар дегейсің,
Қалжыраған сәтімді бағып жатқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇