file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  224


Автор: Рафаэль Ниязбек

МЕН – ШЫНДЫҚПЫН

Жаз қадірін сұр қабақ күз біле ме?
Көктем исін шөл дала – түз біле ме?
Бірде сұрақ қойылды зал ішінен:
– Жек көреді көп кісі сізді неге?
Қанша ғұмыр,
Үзілген жалғайын ән,
Тартқылаған жан сонша шалғайымнан.
Зал ішінен қойылған әлгі сұрақ,
Бұрқ еткізді бұршақ тер маңдайымнан.
Сылыңғырдың бұл мені көздегені,
Одан басқа ойласын өзге нені?
Ар-намысым айқайлап атқа қонды,
Нарт жүзінен сезіліп төзбегені.
Жүрегімнің дүрсілін ұғынбаған,
Қараса егер көп кісі қырын маған.
Мен – шындықпын баянсыз бұл жалғанда
Бозторғай боп жүрегі шырылдаған.
 Ал, шындықты бүгінде кім қалайды?
Қолдарына түсірсе –
Жұлмалайды.
Жазғыратын ағайын кімді оңдырсын,
Беті айғыз деп көгінен туған Айды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу