Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.03.2022
202

МӘҢГҮРТ ЖАНДАР
Көгінде жұлдыз аунаған,
Ағындап шуақ саулаған
Азаттық алған заманда
Көтеріп тұрған даласын
Менсінбей келген тау жаман.
Арам шөптей қаулаған
Мәңгүрттер қанша
Сайтаннан түрі аумаған
Оқ атқан туған халқына
Ішіңнен шыққан жау жаман.
Өзімнің туған жерімде
Жүрейін неге жақ ашпай.
Мәңгүрт жандар тегінде –
Сап болып қара балтаға
Орманын шапқан ағаштай.
Мәңгүрт жандар тегінде –
Сатқын болып туғасын
Жүрмесін неге сатылмай, –
Қолдан қолға ауысқан
Өтімді өзбек затындай.
Мәңгүрт жандар тегінде –
Құшақтап жатып өз байын
Бөксесін бұрған басқаға
Тақымы құрғамас қатындай.
Мәңгүрт жандар тегінде –
Орылған бітік егіннен
Қап қойған дұшпан масақтар.
Жүр неге тірі жеріңде
Қайдасың
Қайқы қылыш қазақтар?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇