file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  191


Автор: Рафаэль Ниязбек

БІР БАСТЫҚҚА

Намысы өліп,
Жүрген бір қаны қызбай
Жан боларсың тегінде жаны мұздай.
Тұмсығыңды көтеріп қалыпсың-ау,
Байға тиген жаңадан кәрі қыздай.
Күйіп-жанбай жаныңа дамыл беріп,
Көтерілген жанбысың сағымға еріп.
Неге адаммен кісі боп сөйлеспейсің,
Алаулаған жүрегін жалын көріп.
Сұрғылт тастай сұр жүзің бедірейіп,
Тықсырып тұр өнерлі ерді кейіп.
 Шыға кепсің бір күнде
Сары орыстың
Шіркей шалғы мұртындай едірейіп.
Шірену ме?
Үйренген жаңа амалың,
Көшіп жүрген сен де бір – жаман ағын.
Күлі болып қаларсың сен шашылып,
Мен үніне айналған замананың...
Сорым деуге бола ма, бағым деуге,
Жігіттерді өсірмей жалын кеуде.
Өсіре ме сұмдарды
Нар халықтың
Жан салмайтын алдына нанын жеуде.
Не болса да көрінсін өз басыңа,
Түбі сенің, мен кепіл, озбасыңа.
Жеп отырған сен де бір сұңғыласың,
Нанын малып халықтың көз жасына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу