file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  158


Автор: Рафаэль Ниязбек

ДЕФИЦИТ КӨБЕЙГЕН ЖЫЛДАРДА

– Қарындас екенсің-ау арда күрең,
Ұстаған дүкеніңде бар ма кілем?
– Жоқ.
– Неге?
– Дефицит.
– Ағаң ем арда күрең арқыраған,
Телевизор бар ма, қалқам,
Түрлі-түспен жарқыраған?
– Жоқ.
– Неге?
– Дефицит.
– Қалқам-ай, дүниеде ең керегі
екен-ау мәшиненің дөңгелегі.
– Жоқ.
– Неге?
– Дефицит.
– Көңілім сендей қызға жолығар ма,
Әйелдердің қаракөл тоны бар ма?
– Жоқ.
– Неге?
– Дефицит.
 – Сұлусың алғы күнге үміт артқан,
Шығарсың бұл күндері жігіт тапқан.
– Жоқ.
– Неге?
– Дефицит.
– Ауысып міне берген жиі аттарға,
Әуелі қалқам, сенде, ұят бар ма?
– Жоқ.
– Неге?
– Дефицит.
Дүние оңалмасын байқағасын,
Қазандай қайнамайды қайдан басың.
Өзгені сөз етудің қажеті жоқ,
Ар-ұят дефицитке айналғасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу