file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  162


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҚ КҮМІС КҮННІҢ СӘУЛЕСІ

Жалқауды Құдай құрай ма,
Ендеше, қалқам, мұңайма.
Жабырқап жүрген екен деп,
Жалғанның тауы құлай ма.
 Көзіңнің жасын бұлама,
Ант бұзған сертте тұра ма.
Қайғыға сәл-пәл берілсең
Сұсты өмір – жартас құлама.
“Ұрпағын, – дейсің, – аналар
Шексін деп азап туа ма?”
Ылдиға құлап өрдегің,
Жанам деп жанбай сөнбегін.
Жолда арбаң сынса егерде
Аңырып тұрмай жөндегін.
Алданбай сағым елеске,
Ұмтылған жаңа белеске.
Қоңыраулатып өте шығатын
Өмірің күйме емес пе.
Сілкінген жандар түледі,
Көзінен көктем күледі.
Қайғыны жеңген адамдар
Жауын да жеңе біледі.
Көңілдің гүлі солмайды,
Көгіңді қай бұлт торлайды.
Ақ күміс күннің сәулесі
Түспейтін адам болмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу