file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  181


Автор: Рафаэль Ниязбек

КҮЙІН КЕШІП ЖАРАЛЫ ЖОЛБАРЫСТЫҢ


Көңілімде бір дауыл бұрқап қалып,
Жарқылдайды жанарым нұрға апталып.
Махаббаттың жүрекке оғы тиіп,
Төсегімде жатырмын сырқаттанып.
 Тұнып аққан тұңғиық тереңдейін,
Ел ішінде мен неге еленбейін.
Кім болды екен жүректен көздеп атқан,
Көзден атып үйренген мергендейін.
Уақыт желі кеміріп, қаусатқанда
Қалай асам алдымда тау жатқанда.
Кім болды екен көздеген жүрегімнен
Ақ бас бура атанып, шау тартқанда.
Бір жанар тау кеудемде сілкінеді,
Көкке атылып кете ме кім біледі.
Махаббаттың жарқылдап найзағайы
Аспанымды осқылап тілгіледі.
Сабағымнан үзілсем жемістейін,
Неге опасыз жалғанмен керіспейін.
Білсең егер көңілім астан-кестен
Бетін дауыл сапырған теңіздейін.
Азамат ер болсам да тұғыры алып,
Жылан елес арбайды мың бұралып.
Күйін кешіп жаралы жолбарыстың
Төсегімде жатырмын ыңыранып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу