file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  232


Автор: Рафаэль Ниязбек

ӨЛЕҢІМ ХАҚЫНДА

Жырымды оқып өлгендер тіріледі,
Ақиқатқа жүрегім жүгінеді.
Өлеңімнің тасқындап өн бойында
Найзағайлар жарысып жүгіреді.
 От құрсанып жыр туса жүрегімнен,
Кісінетіп көңілім күрең мінген.
Жүзі нұрлы кісінің қай кезде де,
Нұрлы көктем көзінде күле білген.
Жайлау – кілем төселген төрім еді,
Тауға шықсам өз тауым көрінеді.
Өлеңімнің әр жолы білсең егер
Көкте ойнаған жасыннан өріледі.
Ғұмыр кешкен,
Күн кешкен нұр пішінде.
Менің әлі жүрегім тұр күшінде.
Күркіреген күндерім аз емес-ау,
Найзағайға айналып бұлт ішінде.
Таудан биік көрініп төбелерім,
Жаңа-жаңа ашылған көп өнерім.
Жалғандықты бетінен осқылаған
Найзағайдан жаралған өр өлеңім.
Неге төмен түсірем еңсемді елде,
Тұлғалы ердің бірімін көрсең мен де.
Мен өлетін шығармын кім біледі,
Өлеңімнің көзінен от сөнгенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу