file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  195


Автор: Рафаэль Ниязбек

СҰРАҚ-ЖАУАП

Бақ көремін жырымды, құт көремін,
Ұнап жүрген кісі едім жұртқа өнерім.
Бірде менен сұрады бір жас ақын:
– Бар шығар деп сенің де мықты өлеңің.
Найзағайдан жай тартып жасындаған,
Ақын – ақын бола ма ашынбаған.
Ей, жігітім, жансың ба маған деген
Көңілінің есігі ашылмаған.
Менің мықты жырымды ізде ендеше,
Жырларымның ішінен жазыламаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу