file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  166


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҮРЕЙ

Тағдырға мен де көнгенмін,
Жерге егер сепсе өнгенмін.
Арманда кеткен арысты
Жүрегіме жерлеп көмгенмін.
Талайды мен де көргенмін,
Жыланнан қамшы өргенмін.
Егеулі найза қолға алып,
Қатер боп жауға төнгенмін.
Жұлдызы жанған арманмын,
Атадан ар боп қалғанмын.
Соғыста өлген солдаттың
Шырағы болып жанғанмын.
Тауда өскен тарғыл тарланмын,
Бақытымды тартып алғанмын.
Көңілі жарым жесірдің
Көз жасы болып тамғанмын.
Жаңарып елдің жағасы,
Тұрса да артып бағасы.
 Кетілмесін деп болат тұяғы
Тұлпардың болдым тағасы.
Жұқарып, тозып төзім де,
Тарыққан күннің өзінде, –
Тұрмадым бірақ адамның
Үрей боп ойлы көзінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу