file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  172


Автор: Рафаэль Ниязбек

АМАНЧИ ДОСЫМ ҚАЙТЫС БОЛҒАНДА


Көп едің мұңың, қайғың да,
Адасып қалсын қай қырда.
Шешендер айдын болғанда
Кеме едің жүзген айдында.
Таулы өлке жасық тумаған,
Күнің жоқ сертте тұрмаған.
 Шешендер теңіз болғанда
Тереңі едің тулаған.
Қатерден қорқып, қыңбаған
Сені өмір талай шыңдаған.
Жүрегің ақын болатын
Ерлікті ғана жырлаған.
Жайдарлы еді көңілің,
Айбарлы еді өр үнің.
Берілмей жауға өлетін
Бірі едің көкжал бөрінің.
Нұр ойнап ойлы көзіңде,
Жүруші ең балғын сезімде.
Атыңнан ұшып түстің-ау,
Көсіліп шапқан кезіңде.
Бақ, қыдыр болса жолдасың,
Көгіңді қай бұлт торласын.
Қайғы, дерт сендей арыстың
Тағдырын қиған қорғасын.
Азаттық үшін күрескен
Еліңді Құдай қолдасын.
Ғарышқа ұшып кеттің бе,
Аллаға керек болғасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу