file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  240


Автор: Рафаэль Ниязбек

АДАМДАР

Заман бетін өзгертіп, суытқалы
Дүниенің аз емес булыққаны.
Жүректері үлгерген тасқа айналып,
Бұл адамдар мейірімді ұмытқалы.
Олар жүріп өткенде шаң боратып,
Сықырлайды үйлердің уықтары.
Тұрмаса егер жүзінен арай қашып,
Күн кешпей ме жұртына қарайласып.
Адамдардың өкірген өзендері
Бау-бағымды жапырған талай тасып.
Бір-біріне сызданып, шіренгенде
Күреңітіп тұрамын күрең белде.
Күздің қара суығы еседі алдан
Қара бұлтқа айналып түнергенде.
Қабағына ызғарлы қырау қатып,
Бір күндері кете ме құмға аунатып.
Қатыгездік ел ішін жайлағасын
Адамдарды адамға тұр аулатып.
Жазық дала болса егер атырабы,
Мертігеді неге елдің арғымағы?!
Адамдарда мейірім болса егерде,
Қалтырай ма жанымның жапырағы.
Кейде солай көңілім дүрлігеді,
Үмітімді кім менің үкіледі.
 Адамдардан жақсылық күтпейтіні
Жұрттың, сірә, сонан ба кім біледі?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу