file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  221


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚЫЗҒАНЫШ

Көктемдердің көзіне қырау қатып,
Ауырмаған күн бар ма тұмаулатып.
Өмір деген ақ боз ат бір күндері
Жығып мені кете ме қырға аунатып.
Күн көзіне жарқылдап сауыт денем,
Бір жұлдызды бетке алып шауып келем.
Қызғаныштың көздері қызарғанда
Қатер төніп тұрғандай қауіптенем.
Көктем есіп тұрғанда қанатымнан,
Мені көздеп сұм оқтар сан атылған.
Орман болып орыстар жайқалғанда,
Қызғаныштан бұл қазақ жаратылған.
Ауыртпалық көп әлі елге батқан,
Күндер қайда күркіреп жебе тартқан.
Қазақ көрсем көшеде,
Ой, жазған-ай,
Қызғаныш па деп тұрам келе жатқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу