file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  203


Автор: Рафаэль Ниязбек

САРДАР АҒА

Қарақшылар қашанда түнде өреді,
Жауар бұлттай қабағым түнереді.
Бейбіт күнде жүрсе адам адамды аулап,
Қазақ қалай еліңде күн көреді?!
Шеккен еді кезінде азап талай,
Күн көреді еліңде қазақ қалай?!
Бес қаруын қолына түгел беріп,
Сарбазыңды бола ма жасақтамай.
 Көңілге үрей тудырып жел тұрғалы,
Ауызыңа тұр қарап елдің бәрі.
Сізге жақын кісі ме... кім біледі,
Жігіттерді өлтірткен ер тұлғалы.
Шындықты айтып жөн шығар арылғаның,
Жетер енді ой кешіп сарылғаның.
Ақиқаттың тілінде сөйлемесең,
Жаратқанның жолынан жаңылғаның.
Сізден биік жалғанда жоқ асқары,
Қазақ сорлы не көрді көз ашқалы.
Қарақшы атқан оқтардан ерлері өліп,
Қара орамал жамылған көк аспаны.
Азамат ер айдынға кеме салған,
Тіршілікте сөйлесін неге жалған.
Өз қолыңды кессең де, сардар аға,
Кісі өлімін тыярсың белең алған.
Қақпан қапқан сирағын қиып тастап,
Көкжал бөрі жортақтап кете барған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу