file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  206


Автор: Рафаэль Ниязбек

САЯСАТКЕРЛЕР СӨЙЛЕГЕНДЕ

Жұмыр жер боп жаралған жұмыртқаны,
Бір аждаһа қапыда тұр жұтқалы.
Содан, сірә, саяси күшке айналған
Тізе қосып өзара жұрттың бәрі.
Көктем лебі еседі қанатынан,
Сөйлегенде ақ жүрек ар атынан.
Бәрі азамат секілді көрінеді
Ақиқаттың өзінен жаратылған.
Өткелдерден өртенбей өте біліп,
Сөйлегенде даусынан от өріліп.
Аруақтанып атыңа сен қонасың,
Жатқан жалың кеткенде көтеріліп.
Сөйлегенде мұңды айтып елге батқан,
Зұлымдыққа дерің хақ жебе ме атқан.
Кеудесіне жан бітіп бас көтерген
Ала арқан да шұбалып жерде жатқан.
Көңіліне бұл жұрттың тоң қатқалы,
Саясаткердің сөйлейді толғап бәрі.
Суырылып шетінен ағылғанда
Алтын заман жүргендей орнатқалы.
Бір қатынның шыға сап етегінен,
Тіршіліктің дәм татқан шекерінен.
Саясаткер өседі
Туған елін
Саясаттың құрбаны ете білген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу