file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  361


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚҰЛАҒАЛЫ ТҰРМЫН БА КІМ БІЛЕДІ


Қайда барам тулақтай тозбағанда,
Солғын тартып үлгерген көз, жанар да.
Жанар ма едім лапылдап, кім біледі,
Жанашыр кеп шоғымды қозғағанда.
Жылан жатса жолымда оратылып,
Көңілімнен ақ дауыл борады ұлып.
Кейде вулкан секілді сезінемін,
Көкірегінің оты өшкен көп атылып.
Қуатымыды жүргенде арқаланып,
Алтын кемем соғылған жарға барып.
Уақыттың жүзі өткір балтасынан
Бөренедей жұқардым жаңқаланып.
Жанарымның ішіне мұң қамалып,
Жүрегімді көк мұзға тұр ма малып.
Басқа арнада бұрқанып тулап жатты
Өмірімнің ағысы бұрмаланып.
Қарақшы өскен қоғамда кеткен сынды
Бақытымды біреулер ұрлап алып.
 Тауқыметтің жүгі ауып арқасынан,
Адам бар ма ұшпаған жар басынан.
Құба жонға жайғасып,
Тіршіліктің
Мен де бір күн түсермін арбасынан.
Көңіл кейде осылай сілкінеді,
Үмітімді кім келіп үкіледі.
Жартаста өскен кәрі ағаш секілденіп,
Құлағалы тұрмын ба, кім біледі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу