file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  218


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕЛДІҢ ЖОҒАЛҒАН ҰЯТЫ

Күрк-күрк жөтеліп, тұмаулатып,
Келе жатқан кезімде қыраулатып.
Өмір деген арғымақ оқыста үркіп,
Кетер ме екен, кім білсін, қырға аунатып.
Жауған оқты елемей сауыт денем,
Алпыс үш жыл құйғытып шауып келем.
 Туған елдің жоғалған ар-ұятын
Жықпылынан қай жылдың тауып берем.
Ар-ұяты елімнің жоғалғанда,
Тамырынан суалған көк орман да.
Қазақстан жалаңаш қалған еді,
Үстіндегі киімі тоналғанда.
Айға азуын ақырып білегенде,
Кімнің жалы жығылсын жүдегенде.
Қазақстан қайыра құлпырған-ды,
Кеудесіне Қыдыр кеп түнегенде.
Ат жегіліп тұрмыстың арбасына,
Өзендердің су толған арнасына.
Жұрттың бәрі бүгінде білсең егер,
Байлық басып үлгерген жамбасына.
Асуынан жаңа асқан қия белдің,
Бәрі бірдей өр емес зиялы ердің.
Мол қазына жерімнен табылса да,
Табылмайды-ау деп қорқам ұяты елдің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу