Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.03.2022
151

АДАСЫП ҰШҚАН ОҚ
Сыбайласып,
Өзара қоғамдасып,
Қорқау қанша тонаған моланы ашып.
Азамат ер қапыда неге өлмесін,
Жүрегіне тисе егер оқ адасып.
Ұшыратын кезімде құс түлетіп,
Мұқалды ма семсерім жүзі кетіп.
Болашағымды көздеген оқтар қанша,
Жүрегімнің жүрегін сызып өтіп.
Талай тарлан асауды жүгендеген,
Кісі көп те тұрманын түгендеген.
Кеңістікте адасып ұшқан оқтан
Мына бұзық заманда кім өлмеген.
Тұғырлы елі жанындай жақын көрген,
Батыр да өлген,
Азулы ақын да өлген.
Қаңғып ұшқан оқтардан болған талай,
Құралайдың ажалы салқында өрген.
Ұзын жылан секілді бұратылған,
Қанды жолдар көп әлі шұбатылған.
Оқтан гөрі шынында қаңғып ұшқан
Өлген артық оқтардан тура атылған...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇