file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  186


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТАМЫР

Азаттықтың таңы атып, жаңғырғалы
Қазақ жұртқа айналған қабырғалы.
Терезесі теңескен қай елмен де,
Жігіттерді өсіріп нар тұлғалы.
Жер-жаһанға айбынды көрінгелі,
Алты алаштың бұл күнде көңілді елі.
Бүршік жарған бұтаның түбінен де,
Құс түлетіп, еседі өмір лебі.
Алыс қырға сағымы бұлдырлаған,
Туған елдің жолында кім тұрмаған.
Талай ұры заманды өткерген-ді,
Көкірегінің көзінен күнді ұрлаған.
Азаматтар мінетін ат туғалы,
Жүрген жоқ па барлығы бақ қуғалы.
Өрісіне құландар қайта оралған
Қыр төсіне мөлдіреп қақ тұнғалы.
 Мұхит суы ішкенге таусыла ма,
Қыран өмір мені әлі қаусырама.
Азаматы кеуделі болған елдің
Кеудесіне басынып жау шыға ма.
Өр кеуделі өжеттер туса ағында,
Сексеуілдер өседі құм, шағылда.
Туған жерге тамыры кеткен елдің
Дауыл жұла алмайды жусанын да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу