Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  193


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕЛІМ-АЙ!

Ызғар бар ма жас тәнін қарымаған,
Төбет бар ма басына сарымаған.
Елім менің –
бал шырын уызына
Жетім қозы секілді жарымаған.
Жақсылықтың бәрімен тайталасып,
Қырғын салып қырқада...
қайдан да асып, -
Сөзін сөйлеп бір кезде кедейліктің
Соғысып ең Байлыққа майдан ашып.
Қуардың ба жүзіңнен күлкің кетіп,
Күбі піскен күн қайда күрпілдетіп?
Байлық үркіп кеткендей содан, міне,
Итжеккенге қуып ең сүркілдетіп.
Атан сатып күн көрген, түйе сатып,
Сиыр сатып күн кешкен, бие сатып.
Сол Байлықпен күрестің сонша неге,
Құримын деп ойламай киесі атып?
Жейін десең күріш жоқ – күріш басып,
Нарық пенен таршылық тұр ұстасып.
 Кедейліктен көзің бір ашылмады,
Байлық үркіп өзіңнен, ырыс қашып.
Жақсылықтың бәрімен тайталасып,
Нең бар еді Байлыққа майдан ашып,
Қайран менің, Елім-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу