file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  191


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТУЫМДЫ, ӨМІР, ЖЫҒА АЛМАС

Жарқырап тусам күндейін,
Жер басып неге жүрмейін?
Қыңсылатып қаншық - өмірдің
Етегін неге түрмейін?
Бойында бұлғын күш тасып,
Ұшқанда таудан құс та асып,
Сыбағамды тартып ала алмай,
Өмірмен келем ұстасып.
Нарқымды жұртым білгенде,
Жатам ба өксіп бір белде?
Сыбағасыз қалай өтпекпін,
Сыбанып білек жүргенде?
Ізіне түссе күн-түні,
Тына ма соқпай түлкіні.
Туымды, өмір, жыға алмас,
Жықса да мені бір күні.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу