Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  182


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕЙ, ТАҒДЫР!

Ей, тағдыр!
Мені бұлақ суындай жырымдама,
Алданышым - өлеңім,
жырым ғана.
Тысқа мені қол бұлғап шақырмайды,
Қызығы мол көрінген бұрын дала.
Жазда шықсам –
көшеден шаң бораған,
Қыста шықсам –
үскірік, қар бораған.
Тіршілігі қаланың қажытқанда
Ауыл барсам –
алдымнан зар бораған.
 Жарар еді келмесе қайғы айналып,
Тынышталам, ойпырмай, қайда барып?
Кетсем бе екен көкке ұшып,
Қос жаныма
Қыран құстың қанатын байлап алып?
Ұшсам егер мені, елім, қашқын деме,
Қан қыздырып қайнаған тасқын дене.
Бір жақсылық болмаса,
иіс тартып,
Көкке қарап ұлиды қасқыр неге?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу